A!SULU — Гүлдерайым Oriental Techno

Ақ көңіл ағызайық әннің майын
Жас дәурен шалқып жатқан айдындайын
Астынан алты қырдың шыққан даусым
Жетсе екен құлағына қалқатайдың
Ахау, Гүлдерайым
Күн мен айым
Ұшарға қанатым жоқ
Неғылайын
Жаз шықты жадыратып майдың айын
Әніне шырқай кетті Гүлдерайым
Шығады ащы даусым әнге бассам
Қарағым, сені есіме алған сайын
Ахау, Гүлдерайым
Күн мен айым
Ұшарға қанатым жоқ
Неғылайын