YouTube
by
mrkikboxer
шалқан ертегісі
баяғы бір заманда шал мен кемпір болыпты
олардың бақшасы бар екен
бірде шал шалқан отырғызады
шалқан үп-үлкен болып өседі
бір күні шал шалқанды жерден суырып алмақшы болады
ары тартады бері тартады
бірақ шалқанды шығара алмайды
шал көмекке кемпірін шақырады
әй, кемпір, келіп көмектесіп жіберші
кемпір шалдан шал шалқаннан ұстап
ары тартады бері тартады
бірақ орыннан қозғалта да алмайды
кемпір көмекке немере қызын шақырады
қызым!
шамамыз келмей жатыр, келіп көмектесіп жіберші
немересі кемпірден
кемпір шалдан
шал шалқаннан ұстап
ары тартады бері тартады
тағы да суырып шығара алмайды
немере қызы итін шақырады
итім, бері кел
көмек керек болып тұр
ит қыздың етегінен
немересі кемпірден
кемпір шалдан
шал шалқаннан ұстап
ары тартады бері тартады
шалқанды суыра алмайды
енді ит көмекке мысықты шақырады
ей, мысық бері келші
мысық иттің құйрығынан
ит қыздың етегінен
немересі кемпірден
кемпір шалдан
шал шалқаннан ұстап
ары жұлқиды бері жұлқиды
шалқан шықпайды
To start learning, sign up for free.
Get started