👏Тоқты мен серке 8-бөлім😁Toqty men Serke🤩Топ-3 қазақша мульт, qazaqkontent, Қошқар мен Теке 4 маусым

Менің жаным тыныш, айналамдағы табиғатпен, барлық тіршілікпен үйлесімдемін.
Ммм... мкм
Мен сабырлымын. Мен өзімді ұстаймын.
Мен ашуланбаймын.
Мен сабырлымын, мен ашуланбаймын.
Тұла бойым тұп-тұнық судай таза
Әрі тыныш.
Хм хм. Жігіттер сәлем бердік
Мен ешнәрсеге алаңдамаймын. Мен тынық мұхитындай тынышпын.
Ей Серке, саған не болған есің ауысқаннан сау ма?
Мен ешнәрсеге алаңдамаймын. Мен сабырлымын.
Ойбай қасқырлар. Тоқты тез қорғанысқа көшейік.
Аттан, жау шапты, жебелерді дайында. Оң жақ қапталды бекіт, атқыштарды шығар. Мынау кім тағы
Серке саған не болған? - Өй қоя тұршы, сендерді күнде көріп жүрміз ғой. Мынауың қызық екен.
Өзі Тоқты сияқты. Бірақ әппақ екен.
Соған қарағанда күнге шықпайды ау.
Әй, жүнін қарашы ей қап-қалың, сосын жұмсақ екен. Жалпы өзің кімсің ей?
hello Mr.Good
I came from Australia
Өй мынауың ұрам дей ме?
No no from Australia
Ей түк түсінсем бұйырмасын. Не деп тұр мынау?
Соны біз де түсінбедік. Сендерден сұрайын деп келсек,
Әй Тоқты сен не дейсің? - Білмеймін Серке, қазір көрейін.
Балықтың түрлері - жоқ бұл емес.
Жылқының түрлері - жоқ бұл да емес.
Қойдың түрлері Ооо міне таптым, қазір, қазір.
Тоқты неге үндемейсің? - Бірдеңе десеңші әй, не екен?
Мен түсіндім, бұл да өзім сияқты Тоқты екен, бірақ Австралиядан келген.
Ол жақта Тоқтыларының жүні қалың және ақ түсті болып келеді. Міне суреті де тұр.
Әй бізге бәрібір, ақ болсын көк болсын Тоқты болса болды емес пе, енді жеуге болады ма?
Мммм иә оны өздерің біліңдер, ең бастысы бізге тиіспесеңдер болды.
Әп бәрекелді мәселе шешілді, жеуге болады екен.
No no excuse me, please humanism, please humanism
Әй мынау бізге қумаңдар деп тұр ма?
Қазір көрсетеміз.
Әй әй жігіттер тоқтаңдар.
Әй былай тұр қане, әйтпесе сені жейміз. - Жігіттер бір сөзге рұқсат беріңдер енді.
Жарайды тез айт, біз түскі асымызды ішуіміз керек,